Шымкент қаласы білім басқармасының «№1 өмірлік қийын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бос жұмыс орынға
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ (28.08.2023)
Конкурс жарияланған лауазым атауы: Жетим балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналхан білім беру ұйымы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Конкурс өткізу мерзіми: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласы білім басқармасының «№1 өмірлік қийын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» коммуналдықлек меметтік мекемесі
Конкурс өткізетін мекеменің мекен жайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Ә.Темір көшесі, 218
Байланыс телефоны: +77 (252) 26 11 91, +7778 662 11 60
Эл.почта:
Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек ақы төлеу мөлшері 192 000 теңге (орташа)
Ескертпе: Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Лауазымның тұрақты немесе уақытша болуы: Тұрақты
Лауазым жүктемесі: 1 штат бірлік
Лауазымдық міндеттері («Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығының 108-тармағына сәйкес):
- білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
- білім алушылар, тәрбиеленушілер тұлғасының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерделейді;
- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделерін, қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжал жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;
- тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлейді, тәрбие процесінің, тәрбие жұмысының басқа да түрлерінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;
- қосымша білім беру педагогтарының, аға тәлімгерлердің, тәрбиешілердің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
- тәрбие жұмысы бойынша қажетті құжаттаманы жүргізуді, мәдени-тәрбие іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді;
- білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесінің проблемаларын, тәрбие жұмысының жай-күйі мен перспективаларын талдайды;
- тәрбие процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
- педагог кадрларды іріктеуге қатысады, тәрбие жұмысының бағыттары бойынша педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыруды ұйымдастырады;
- қоғамның, құқық қорғау органдарының және қамқоршылық кеңестің өкілдерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымының әкімшілігі, қызметтері мен бөлімшелері өкілдерінің өзара іс-қимылын, психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
- факультативтердің, үйірмелер мен секциялардың жұмысын үйлестіреді;
- жүргізілетін әлеуметтік жобалар мен бағдарламалардың ықтимал салдарларын болжайды;
- балаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;
- жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жәрдемақылары мен зейнетақыларының уақтылы тағайындалуына бақылауды жүзеге асырады;
- кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қорғалуын, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын (білім алушылар (тәрбиеленушілер) мүлкінің сақталуын, олардың тұрғын үй алу құқықтарының уақтылы іске асырылуын) қамтамасыз етеді;
- білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тәрбиешілердің жұмысын үйлестіреді және жоспарлайды;
- тәрбиеленушілер арасында кәсіби бағдар беру жұмысын және интернаттан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастырады;
- түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша бақылауды қамтамасыз етеді;
- тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды енгізеді;
- тәрбиешілердің неғұрлым нәтижелі тәжірибесін тарату жөнінде шаралар қабылдайды;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау және өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді;
- белгіленген тәртіппен есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді;
- мектеп ұжымының қатысуымен білім беруде құндылықты тәсілдемені енгізеді;
- «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар ұйымдарының жұмысын ұйымдастырады;
- «Қоғамға қызмет ету», «Отанға тағзым», «Үлкендерге құрмет» атты қоғамдық пайдалы жұмысты ұйымдастырады;
- адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде «Өзін-өзі тану» пәнінің педагогімен өзара іс-қимыл жасайды;
- білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
- педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
- мұражай жұмысын ұйымдастырады;
- пікірсайыс қозғалысын дамытады;
- туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
- білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс («Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығының 109-тармағына сәйкес):
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
- педагогика және психология негіздері;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;
- педагогикалық этиканың нормалары;
- тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша халықаралық тәжірибені;
- экономика негіздері;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар («Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығының 110-тармағына сәйкес):
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл («Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығына сәйкес);
білім беру ұйымының «басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары» немесе «басшының екінші біліктілік санатты орынбасары» немесе «басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары» біліктілік санатының болуы не педагог – сарапшы немесе педагог – зерттеуші немесе педагог - шебер біліктілігінің болуы.
Құжаттар тізімі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 118-тармақшасына сәйкес Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Қосымша ақпарат:
- Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
- Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
- Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Қосымша талаптар:
- Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзу туралы сұрау салуды Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке жолданады.
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзушылық жасалғаны туралы мәліметтер анықталған кезде педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.
- Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.
|
Мемлекеттік білім беру |
|
Нысан |
|
____________________________ |
_______________________________________________________________
(үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН
_______________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын
(қажетінің астын сызыңыз)
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Өзім туралы келесіні хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін
Оқу орнының атауы |
Оқыту кезеңі |
Диплом бойынша мамандық |
|
|
|
Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):
_____________________________________________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________
Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)
____________________________________________________________
|
Мемлекеттік білім беру |
|
Нысан |
Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы ___________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
№ |
Өлшемшарттар |
Растайтын құжат |
Балл сандары (1-ден 20-ға дейін) |
1. |
Білім деңгейі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері |
Техникалық және кәсіби = 1 балл Жоғары күндізгі = 2 балл Жоғары күндізгі үздік= 3 балл Магистр = 5 балл Жоғары сыртқы/қашықтан = минус 2 балл |
2. |
Ғылыми/академиялық дәрежесі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері |
PHD-доктор = 10 балл Ғылыми доктор = 10 балл Ғылыми кандидат = 10 балл |
3. |
Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау |
Сертификат |
"Педагог" Біліктілік санаты - 5 балл |
4. |
Біліктілік санаты |
Жеке куәлік, басқа құжат |
Екінші санат = 1 балл Бірінші санат = 2 балл Жоғары санат = 3 балл Педагог-модератор = 3 балл Педагог-сарапшы = 5 балл Педагог-зерттеуші = 7 балл Педагог-шебер = 10 балл |
5. |
Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі |
Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат |
Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл |
6. |
Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін |
Білімі туралы дипломның қосымшасы |
Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл "жақсы" = 0,5 балл |
7. |
Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат |
Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды) |
Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл |
8. |
Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері |
- дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары; - дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары; - мемлекеттік награда |
1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл ғылыми жобалардың = 1 балл 2) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл "Үздік педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл "Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл "Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл |
9. |
Әдістемелік қызметі |
-авторлық шығармалары, басылымдары |
ҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл БҒССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл |
10. |
Қоғамдық-педагогикалық қызметі |
Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат |
тәлімгер = 0,5 балл ӘБ басшылығы = 2 балл Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл, үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл |
11. |
Курсқа дайындық |
- пәндік дайындық сертификаттары; - цифрлық сауаттылық, КАЗТЕСТ, IELTS; TOEFL; DELF сертификаттары; Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" программалары бойынша оқыту, "Microsoft" Курсера жұмыстарына оқыту Халықаралық курстар: TEFL Cambridge "CELTA (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)" CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary) DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages) CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary) "TKT Teaching Knowledge Test" Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction) Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL) "TESOL" Certificate in teaching English for young learners International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC) IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching Online Teaching for Educators: Development and Delivery Educational Management Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers Курсы на платформе Coursera, Futute learn Teaching Mathematics with Technology Special Educational Needs "Developing expertise in teaching chemistry " |
ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары = 0,5 балл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген) = 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке) |
12. |
Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог |
Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты |
3 балл қосылады |
Барлығы: |
|
|
Мемлекеттік білім беру |
|
Нысан |
Көрсетілетін қызметті алушының шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі
Мен, _______________________________ сәйкес мемлекеттік қызмет
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
көрсету үшін қажетти мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін қызметке тағайыындау, қызметтен босату қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағы на сәйкес қол жеткізу шектелген дербес деректерге қол жеткізуге келісімімді беременна. "Дербес деректор және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы, оған мыналар кіреді:
1) жеке деректерді үшінші тұлғаға беру;
2) дербес деректерді өңдеу барысында трансшекаралық беру;
3) жеке деректерді жалпыға қолжетімді көздерге тарату.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін қжетті басқа да ақпаратты қамтитын қолжетимдилігі шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келисемін.
Бұл келісім мемлекеттік қызметти көрсету нетижесін алғанға действии бүкіл кезең ишинде жарамды.
_____________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))